О насМухаммад (с.а.в.)Мекка onlineГрозный onlineЛунный календарьСМИ о насКонтакты
Журнал для женщин
Обратная связь

Новости

 
07 мая 2015 г.
Мұраты ортақ шешен жұрты

Бір байрақтың астында ұйысқан Қазақстан халқымен сапары – бір, мұраты – ортақ ұлттардың бірі – шешен жұрты. Сонау соғыс жылдарында байтақ Алаш жеріне күшпен қоныстандырылған таулық ағайын бүгінде еліміздегі қарасы қалың ұлттардың біріне айналып отыр. Егемен еліміздің ертеңін қазақпен бірге қаласуда.

Қазір облысымызда 5225 шешен тұрады екен. Бұл – былтырғы көрсеткіш. Осы жылдар ішінде Қарағанды өңірінде, тек, шешен ғана емес, дүйім қазақ елі мақтанышпен сөз қылар ақиық ұлдар дүниеге келді. Сөзіміз деректі болуы үшін Ахмат қажы Қадыровтың есімін атасақ, жеткілікті.

1951 жылдың тамызында көмірлі шаһарда дүние есігін ашқан Ахмат кейін ұлтының көшбасшысына айналды. Тоқсаныншы жылдардағы Қап тауындағы қырғын соғыстың аяқталып, бейбітшілік орнауы жолында маңызды роль атқарды. Шаруашылығы шатқаяқтап, кетеуі кеткен шешен мемлекетін аяғынан қаз тұрғызды. Шаңырағын түзеп, іргетасын нығайтты. Соның арқасы – қазіргі кезде мұнайлы өлке Ресейдегі даму қарқыны жоғары аймақтардың бірі ретінде ауызға ілінуде. Қарағандыдан қанат қаққан ұл ұлтын ұлы жолға бастай білді. Бұл, әрине, біз үшін – үлкен мәртебе.

Соғыс жылдарында шешендер өзге ұлттармен бірге Қап тауынан «сенімсіз халық» ретінде көшірілгені белгілі. Ғасырлар бойы орыс патшаларына мойынұсынбаған тау ұлдарына «қызыл империя» да сенімсіздік танытты. Оны қойып, кейінгі жылдары шешен халқының жеңіс үшін қосқан үлесі жоққа шығарылып келді. Осы тарихи бұрмалаушылыққа жақында нүкте қойылыпты. Шешен қайраткерлері көздегеніне қол жеткізіпті. Қой жылының басында шешен астанасы Грозныйға «Жауынгерлік даңқ қаласы» мәртебесі берілді.

Каспийдің арғы жағындағы қоңсының бұл қуанышына мұқым қазақ ортақтасты. Кеңес билігі мысымызды басып, барымызды жоқ қылған езілушінің бірі – біз едік. Қарапайым мысал, Рақымжан Қошқарбаевтың рейхстагқа бірінші ту тіккенін дәлелдей алмадық. Айтқанымызды сол кездегі Мәскеу құлақ ілмеді. «Кеңес Одағының Батыры» атағына ұсынылған майдангер бар болғаны «Қызыл Ту» орденімен марапатталды. Тек, тәуелсіздік таңы атқан соң батырымызды төрге шығардық. 1999 жылы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен жауынгерге «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Осы орайда, өткенін сараптап, өшкенін жандырған шешеннің бұл жетістігі «Бәрекелді!» деуге тұрарлық.

Жоғарыда айтқанымыздай, шешеннің қазақпен мұраты – мүдделес. Қарағанды қазақтары да шешендермен шәй десіп, бет жыртысқан кезі болмады. Татулықты ту етіп, тізе қоса еңбек қылу – қос халықтың күнделікті дағдысына енген жайы бар. Қойымыз – қоралас, ауылымыз – аралас. Тағдыр жазуымен Арқа топырағына табаны тиген шешенмен достығымыз берік.

Сол достықты істе көрсете білдік. Мәселен, 2012 жылы Ахмат Қадыровқа Саранда естелік стелла орнатылды. Қарағандының «Күнгей» ықшамауданындағы бір көшеге Қадыровтың есімі берілді. Зор құрметке шешен халқы да орайлы жауап берді. Шешен Республикасында Назарбаев мектебінің жұмысы жолға қойылды.

Қарағандыдағы «Вайнах» шешен-ингуш орталығың да мақсаты ұлтаралық татулықты өрістету. «Вайнах» – Елбасы бастамасымен құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясымен құрдас. 1995 жылы жұмысын бастады. 1997 жылдың наурызында республикалық «Вайнах» қауымдастығының құрамына енді. Бүгінде Ассамблеяның толыққанды мүшесі.

Орталыққа Увайс Джанаев төрағалық етеді. Халықтар арасындағы достықты нығайтуға сүбелі үлесін қосып жүрген азамат. Оның осы тұрғыдағы ерен қызметі еленбей қалмады. Былтыр ел Президентінің «Бірлік» медалімен марапатталды. Бұл – орталық жұмысына берілген лайықты баға болды.

Қарағанды шешендері орталықта жиылып, мәжіліс құруды дағдыға айналдырған. Осында ана тілдерін жаңғыртып, мемлекеттік тіл үйренеді. Даңғыраның дабылы естілсе, шырқ үйіріле ортаға шығатын биші халық мәдени шараларын орталықта өткізеді. Салт-дәстүрлерін ортаға әкеліп, өзіндік орта қалыптастырған. Елбасы саясатының арқасында тату-тәтті тұрмыс құрған бұл халықтың келешекке сенімі кәміл.

Нұрқанат ҚАНАФИН,

«Орталық Қазақстан»



Количество просмотров: Счетчик посещений Counter.CO.KZ - бесплатный счетчик на любой вкус!

Есть вопрос или комментарий?..


Ваше имя Электронная почта
Получать почтовые уведомления об ответах:

| Примечание. Сообщение появится на сайте после проверки модератором.


Вернуться в раздел Новости

Слушать online
НТРК "Ингушетия"
Местное время
Рассылка новостей
Общение на сайте
Online
Поиск по сайту
КонтактыПредседатель областного чечено-ингушского этнокультурного объединения «Вайнах», член областной Ассамблеи народа Казахстана- Увайс ХаважИевич Джанаев...
Открыть раздел Контакты
Жду тебяВ этой рубрике вы можете разместить заявку о человеке которого вы ищете в городах Алматы, Астана, Актау, Атырау, Караганда, Кокчетав, Павлодар, Экибастуз или просто в общую рубрику....
Открыть раздел Жду тебя
КазахстанРеспублика Казахстан является унитарным государством с президентской формой правления, утверждающее себя светским, демократическим, правовым и социальным государством, высшими...
Открыть раздел Казахстан
ДепортацияРаздел приурочен к 31 Мая, Дню памяти жертв политических репрессий сыновей и дочерей вайнахского народа, судьба которых так или иначе связала с Казахстаном....
Открыть раздел Депортация
Час творчестваВы пробуете писать... Вам есть что рассказать... Вы хотите поделиться своими мыслями... Пишите и присылайте на наш адрес. Материалы, прошедшие модерацию, будут опубликованы на сайте....

Открыть раздел Час творчества
Оставьте запись в нашей гостевой книге - мы будем искренне рады!...

Открыть раздел Гостевая книга
ОО ЧИЭКО "Вайнах" выражает благодарность администрации сайта www.e-chechnya.ru за предоставленную программу....
Открыть раздел Переводчик online